Денсаулық сақтау Министрінің Қарағанды облысына сапары

13.04.2017
Денсаулық сақтау министрі Елжан Биртанов Қарағанды облысына іс сапармен келді. Министр Қарағанды қаласының №3 Поликлиникасына барған кезінде ұйымның негізгі жаңа енгізілімдерімен танысты, олар кешенді медициналық ақпараттық жүйесі(КМАЖ) және заманауи медициналық жабдықтар. КИАЖ жүйесі әзірге мемлекетіміздегі жалғыз автоматтандырылған поликлиниканың жалпы практика дәрігерлеріне және салалық мамандарына онлайн жазылу арқылы кезекке тұру үлгісі жәнеде электронды жүйе арқылы дәрігерді үйге шақыруға болады. Ақпараттық жүйе нақты уақыт режимінде өңірдің медициналық ұйымдарында болып жатқан барлық үдерістерді, яғни флюрографияны өту, әрбір жүгінген науқас бойынша дәріге рецепттерді, дәрігерлік жазбаларына шейін қадағалауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ поликлиниканың өкілдері министрге медициналық көмек көрсетудің сапасын жақсартуға мүмкіндік беретін менеджмент жүйесі туралы баяндап берді.
ҚР ДСМ ресми парақшасына https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=716004151910783&id=196849530492917